2014 жыл нәтижелерін қорытқан Росстат мекемесі осындай статистика жариялады.
Федералды статистика қызметінің мәліметінше, былтыр ресейліктер Қазақстанға 3,3 млн рет сапар шеккен. Қазақстан бұл тізімде үшінші орында тұр.
Төртінші орынды Абхазия иеленді (3,25 млн рет).
Рейтингте Финляндия көш бастап тұр. Ресей азаматтары ол жаққа 4,28 млн рет барып-келген.
Одан кейінгі орында Түркия тұр ( (4,22 млн).
Үшінші орын Мысырға бұйырды (2,9 млн рет).
Росстат мәліметінше, ресейліктер Украинаға сапарлауды да тоқтатқан жоқ. Бұл мемлекет аталған рейтингте алтыншы орында.

