Болған оқиғаны концертке қатысқан белгілі журналист Әлия Құдайбергенова айтып берді.
"Розаға залдан бір көрермен жігіт жүгіріп шықты да: "Сізді анам жақсы көреді. Алматыдан мына пәтердің кілті сізге, шын жүректен" дегенде, Розканы білмедім, біз шок болдық", — деп баяндады ол.
Ән кеші 8 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында өткен.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Қаңтар оқиғасынан кейін концерт өткізген орынды ма деген сауалға жауап берген еді.