Қостанай облысының Рудный қаласында алты жасар баланың қолындағы лазер таяқша жарылған.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, анасы баласына дүкеннен ұзындығы 5-6 см болатын лазер таяқша сатып әперген.
Бала таяқшаны жуынатын бөлмеде су қолмен ұстаған көрінеді. Салдарынан таяқша жарылып, бүлдіршіннің қолдары күйіп қалды.
«Бұл криминалдық сипаттағы оқиға емес. Өйткені, балаға қауіпті ойыншықты анасының өзі сатып әперген. Сондықтан полицейлер сотқа шағымдану жөнінде кеңес берді», — делінген хабарламада.