яғни оған Украина үкіметінің құрамына кіріп, вице-премьер қызметі ұсынылғандығы туралы ақпаратты растады.
"Мен ұсыныстан бас тарттым, өйткені Грузияның азаматымын. Конституцияға орай украиналық азаматтықты алатын болсам, грузин азаматтығынан автоматты түрде айырылып қаламын. Бұл ұсынысты қабылдайтын болсам, Грузиядан көп уақытқа кетуім керек болар еді”, деді ол дүйсенбіде "Рустави 2" телекомпаниясына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ол украиналық жақтың ұсынысына риза, алайда әркімнің өмірде өз миссиясы бар.
"Грузияда әзірге бәрін жүзеге асыра қойған жоқпыз”, деді М.Саакашвили, оны биыл жазда грузиндік прокуратура қаралып жатқан бірнеше қылмыстық іс бойынша іздеуге берген болатын.