Садақаны жария жасауға бола ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Садақаны жария жасауға бола ма?

Садақаны жария жасауға бола ма?

Садақаны жария жасауға болады.

  • 9 Шiлде 2018
  • 2101
Фото - Caravan.kz

Иә, ықылас – кез келген амалдың қабыл болуының негізгі шарты екенін айттық. Жақсылықты адамдардың емес, бір Алланың ғана разылығын аңсап, мейлінше жасырын жасау – аса маңызды. Ықыластылықтың негізгі белгісі – ізгі амалды өзгелердің көзіне көрсетпеу. Алайда, бұл жақсылықты жариялауға мүлде болмайды деген сөз емес. Кейде кейбір амалдарды жария істеудің де қажетті тұстары болып қалады. Тіпті, кейде оларды жасырудан гөрі көрсетіп істеу әлдеқайда абзалырақ болатыны да жасырын емес.
Бұл туралы Ибн Қудәмә (Алла оған рахым етсін) өзінің кітабында:
🍃 "Жария амалдың бір пайдасы — өзгелерге үлгі болу және адамдардың ізгі істерге деген құлшынысын арттыру. Бірақ амалдарын жария істейтін кісі өз жүрегінің бағыт-бағдарын бақылап отыруы тиіс. Сонда ғана ол өз ықыласына сыналап сіңетін риядан аман болып, амалы арқылы өзгелерге үлгі бола алады", — деген.
("Мухтасар минһәжил-қасидин" 223-224)

                                                                                                                                   Дереккөз:
 АСЫЛ АРНА 

Оқи отырыңыз:

Кешірім сұраймын: Баян Мақсатқызы сот жүйесіне қатысты пікірін өзгертті

Қостанайда той басталар уақытта мейрамхана өртеніп кетті

Қазақстандық спортшылар биыл қандай халықаралық жарыстарға қатысады?

 

 

Соңғы жаңалықтар