Сағадиев: 2018 жылдан бастап 3 сынып оқушылары информатика пәнін оқиды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сағадиев: 2018 жылдан бастап 3 сынып оқушылары информатика пәнін оқиды

Сағадиев: 2018 жылдан бастап 3 сынып оқушылары информатика пәнін оқиды

Бұл туралы Білім және Ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

  • 19 Наурыз 2018
  • 152
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда информатика пәнін 1 сыныптан бастап оқыту мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Ал 2018 жылдан бастап 3 сынып оқушылары информатика пәнін оқиды. Бұл туралы үкіметтегі мәжіліс сағатында "Білім беру саласындағы цифрландыру" тақырыбы аясында Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бағдарламалау негіздерін бірінші сыныптан бастап оқытады. Бізде "Информатика" пәні мектептерде 5 сыныптан бастап оқытылады. Ал биыл осы пәнді оқыту 3 сыныптан бастайды. Сонымен қатар, бағдарламалау тілдерін қайта қарауға қатысты 5-11 сыныптардың бағдарламалары жаңартылады. Бағдарламалау тілдері тез өзгеріп отырады, біз бұл туралы білеміз, сондықтан біздің балаларымыз жаңа бағдарламалармен оқуы тиіс. Біз бірінші сыныптан бастап оқытуды енгізу мүмкіндігі туралы сарапшылармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Қазір жоба әзірленуде, содан кейін оқытушылар мен жұртшылықпен кеңінен талқылаймыз", – деді Ерлан Сағадиев. 

Сондай-ақ, министр 3 мың мектеп пен оқушылар сарайларында роботехника курсы ашылса да, мектеп оқушыларын толық қамту керектігін айтты. 


Оқи отырыңыз:

Бақыт Шадаева өзінен 20 жас кіші жігітті ұнатып жүргенін ашық айтты

Журналистер, жұмыстарыңызға пайдасы болғанымен жеке бастарыңызға зияны тиіп кетпесін. Абайлаңыздар! — Мұрат Қожа

ОҚО-да 85 жастағы әжей мас ұлын пышақтап өлтірді

 

Соңғы жаңалықтар