Журналистер, жұмыстарыңызға пайдасы болғанымен жеке бастарыңызға зияны тиіп кетпесін. Абайлаңыздар! - Мұрат Қожа - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналистер, жұмыстарыңызға пайдасы болғанымен жеке бастарыңызға зияны тиіп кетпесін. Абайлаңыздар! - Мұрат Қожа

Журналистер, жұмыстарыңызға пайдасы болғанымен жеке бастарыңызға зияны тиіп кетпесін. Абайлаңыздар! - Мұрат Қожа

Мұрат Қожа өз өмірін көпшілікке көгілдір экран арқылы жария қылған журналистерге ренішін айтты.

  • 19 Наурыз 2018
  • 214
Фото - Caravan.kz

Осыдан үш күн бұрын әнші Мұрат Қожаның бәйбішесі «Qasaqstan» телеарнасындағы «Бақытты әйел» бағдарламасына сұхбат берген болатын. Ол әншімен бірге тұрған он жылында болған қызықты, әрі шыжықты күндерімен бөліскен болатын. Бұл Мұрат Қожаға ұнамаған болу керек. Айман Нұразханның әңгімесін бөліскен журналистерге әнші ашуланып, instagram парақшасына жауап жазды, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Бастаған екен, нүктені осы жерден қояйын! Кейбір журналист-сымақтарға экранның бетіне енді шыққан. Менің жеке өмірім- ол менің жеке өмірім. Рейтинг үшін жалған ақпараттың қажеті жоқ еді. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс бір Аллаға аян. Ақталмаймын. Бірақ, менің өмірімді ортаға салып, талқылауға рұқсат жоқ. Менің рұқсатымсыз мен туралы жазбаса екен. Және қоса кететін бір әнгіме,құрметті ағайын,! Әсіресе қыздар,келіншектер менімен бірге тұратын адам құсап әнгіме жазудан аулақ болыңыздаршы. Біреуді кінәләп,жала жауып,көрмегенді көргендей болып әнгіме айтпаңыздар. Ол өте үлкен күнә. Тағыда айтам менің өмірім ол тек менің өмірім. Мен кіммен қалай,қашан араласатынымды өзім шешейін. Әрине ақыл айтып, жақсы болсын деген тілектеріңізге раxмет!! Сондада біреудің өміріне кіріспеген жақсы. "Өзгенің отбасы қараңғы орман"сияқты.Сіздер ертең не болатынын білмейсіздер кезкелген адамның басында түрлі жәйлар болып жатады. Мен ешқашан өзгенің ала жібін аттаған жоқпын. Менің күнәмді,жаман жақсылығымды бір Алла біледі. Сондықтан достар, өзімізді өзіміз жақсы жаққа жетелейік. Мені жек көрсеңіз үндемей жек көріңіз. Өзіңіз үшін жақсы. Маған жаман сөздер жазып мойныңызға негатив іліп алып не керек. Әдемі болып жүре беріңіздер. Журналистер рейтингтен сіздердің жұмыстарыңа пайда болса жеке бастарыңызға зияны тиіп қалмасын. Біреуге ор қазба өзің тусесің. Абайлаңыздар.
Мен өнерде жүргендіктен мен туралы әр түрлі пікір бар,сондада болса сәл сабырлы болыңыздар. Он күнәнің тоғызы тілден. Сіздер менің өмірімді талқылап жыр қылғанмен менің өмірім одан өзгеріп кетпейді. Әй қойшы басқа әнгіме айтайықшы".

Оқи отырыңыз:

Өлді ме арақтан?: Әскери шенін "жуған" әйел полицейлердің әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды

ОҚО-да 85 жастағы әжей мас ұлын пышақтап өлтірді

Кезінде құпия саналған орыс офицерінің жазбасынан Махамбет Өтемісұлы турлы жаңа дерек табылды

Сарыағаштық 7 жасар бала оқиғасы. Бір апталық шолу

Соңғы жаңалықтар