Сайлау процесі прокуратура назарында болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау процесі прокуратура назарында болмақ

Сайлау процесі прокуратура назарында болмақ

Кезектен тыс сайлау науқанын өткізу барысы бойынша сот пен прокуратура өкілдеріне 300-ден аса өтініш түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

  • 19 Наурыз 2023
  • 4
Фото - Caravan.kz


Олардың барлығына тиісті жауап берілді. Органдар қазір де сайлау процесі заңдылығын қамтамасыз етуді бақылауда ұстап отыр.

Бас прокуратураның басқарма бастығы Азамат Сар-ғазиннің айтуынша, бұған дейін 40-қа жуық заң бұзушылық анықталып, кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды.

Азамат Сарғазин, ҚР БАс прокуратурасының басқарма бастығы: 

— Сайлау күні кез келген сайлау алдындағы үгітті жүргізуге тыйым салынғанын тағы бір еске салғым келіп отыр. Сондай-ақ сайлау күні БАҚ сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға және кандидаттарды қолдап дауыс беруге байланысты өзге де материалдарды жариялауға жол берілмейді. Мұндай сауалнамаларды дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте өткізуге болмайды. ҚР заңның аталған талаптарын орындамау ӘҚБ туралы кодекстің 102-120 баптарымен жауаптылыққа әкеп соғады.

Соңғы жаңалықтар