Жарияланды: 480

Сайлау заңына өзгерту енгізу қажет - ҚР Елбасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 2-қыркүйекте екінші шақырылған Қазақстан парламентінің бесінші сессиясының ашылуында сөйлеген өз сөзінде алдағы жылды "Қазақстан үшін үлкен сайлау додасы басталатын жыл" деп мәлімдеді. Бұл туралы KZ-today тілшісі республика Елордасынан хабарлады.

Осы орайда мемлекет басшысы 20-қыркүйекте мәслихат сайлауы, ал келесі жылы мәжіліс сайлауы өтетінін ескерте кетті. "Бұл сайлаулар өтетін ахуал бұрынғы сайлаулар өткен ахуалдан түбірімен өзгеше",- деді президент. Осы орайда президент азаматтардың мемлекеттілік институттарына деген сенімінің арта түскенін, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық деңгейінің көтерілгенін атай отырып, олардың еліміздегі саяси тыныс-тіршілікке араласу жөнінде біршама тәжірибе жинақтағанына Елбасы ерекше тоқталды. Н.Назарбаев алдағы сайлау "демократиялық, әділетті әрі ашық " сайлау болады дегенге үміт білдірді. Сонымен қатар, мемлекет басшысы "болашақ парламент сайлауының құқықтық негіздерін жетілдіру" қажеттігіне назар аударды. Президенттің пайымдауынша, осыған байланысты сайлау заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет. Соның нәтижесінде сайлау процессі мейлінше демократиялық жағдайда өтуі тиіс,- деді президент.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін