Жарияланды: 210

С.АХМЕТОВ ІСІ: Жауап алу барысында трансляцияның дыбысы жоғалып кетуде

Үкіметтің бұрынғы басшысы Серік Ахметов ісіне қатысты сот процестерінде айыптаушы тарап куәгерлерінің түсініктемені қағаздан ежіктеп оқып жүргені әшкере болды. Ал жауап алу барысында аяқ асты трансляцияның дыбысы жоғалып кетіп жатыр. 

Процесс ашық түрде өтіп жатса да, телекамералармен сот залына кіруге рұқсат жоқ. Тілшілер барлық жайды мына бөлмедегі экраннан қарап жүр. Алайда жәбірленушілер немесе куәгерлер тергеу мүддесіне кереғар түсінік бере бастаса болды, трансляцияның дыбысы жоғалады. Қорғаушылардың айтуынша, бұл әдейі жасалып жатқан қиянат. Себебі, залда куәгерлер тергеушілер тарапынан қысым жасалатынын айтады екен. Кейбіреуін тіпті, жеке шақырып алып өздері дайындаған арызға қол қоюын талап еткені де белгілі болған.

Мейрам Шәймерденов, адвокат:

-  Сотқа дейін жауап алынды емес пе олардан? Ал процесс барысында шақырып алып тергеу сотқа кедергі келтіру деп санаймыз. Қылмыстық істің көшірмесін куәгерлерге беру заңға тіпті  қайшы. Кеше Әбдішев осы деректер жөнінде бас прокурорға сот сауалын жолдауды сұраған. Бірақ ол өтініші қанағаттандырылмады

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін