Самал Еслямова Анталияда "Үздік актриса" атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Самал Еслямова Анталияда "Үздік актриса" атанды

Қазақстандық Самал Еслямова 55-ші Анталия Халықаралық кинофестивалінің үздік актрисасы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Британдық кинорежиссер Майк Дауни басқаратын фестивальге биыл он фильм ұсынылды, оның ішінде түрік кинематографистерінің екі туындысы болды.

"Үздік актриса" номинациясында "Айка" фильмінде ойнаған Самал Еслямова жеңіске жетті.

"Үздік актер" сыйлығына "Капернаум" фильмінде рөл сомдаған Зеин әл-Рафеа ие болды. "Үздік фильм" номинациясында Иран режиссері Джафар Панахи және оның "Үш келбет / Three Faces" фильмі жеңіске жетті. Сыйлықты режиссердің орнына қызы алды, себебі ол үй қамауында отыр.

Биыл фестивальге ұсынылған фильмдерді 34 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Еске сала кетейік, биыл мамырда 71-ші Канн кинофестивалінде Самал Еслямова үздік актриса атанды.

"Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары.

  • 7 Қазан 2018
  • 46
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық Самал Еслямова 55-ші Анталия Халықаралық кинофестивалінің үздік актрисасы атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

Британдық кинорежиссер Майк Дауни басқаратын фестивальге биыл он фильм ұсынылды, оның ішінде түрік кинематографистерінің екі туындысы болды.

"Үздік актриса" номинациясында "Айка" фильмінде ойнаған Самал Еслямова жеңіске жетті.

"Үздік актер" сыйлығына "Капернаум" фильмінде рөл сомдаған Зеин әл-Рафеа ие болды. "Үздік фильм" номинациясында Иран режиссері Джафар Панахи және оның "Үш келбет / Three Faces" фильмі жеңіске жетті. Сыйлықты режиссердің орнына қызы алды, себебі ол үй қамауында отыр.

Биыл фестивальге ұсынылған фильмдерді 34 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Еске сала кетейік, биыл мамырда 71-ші Канн кинофестивалінде Самал Еслямова үздік актриса атанды.

"Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары.

Соңғы жаңалықтар