Самал Еслямова жаңа қазақ сериалына түсіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Самал Еслямова жаңа қазақ сериалына түсіп жатыр

Самал Еслямова жаңа қазақ сериалына түсіп жатыр

Канн кинофестивалінің жеңімпазы телехикаяның көрермендер жүрегінен орын табарына сенімді

  • 17 Тамыз 2018
  • 85
Фото - Caravan.kz

Режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмінде сомдаған басты рөлі үшін Канн кинофестивалінің жеңімпазы атанған актриса Самал Еслямова Қазақстанда "Батырлар жолы" тарихи сериалына түсіп жатыр.

Актриса бұл фильмдегі рөлге қалай ие болғанын айтып, түсірілім барысында алған әсерімен бөлісті.

"Үнемі Ресейде жүргендіктен, қазақ киносына түсу арманым болатын. Өткен жылы осындай жоба басталғанын естіп, суреттерімді жібердім", — дейді Самал Еслямова Instagram парақшасында.

Ол режиссер және түсірілім тобымен жұмыс істеу өте ыңғайлы екенін атап өтті.

"Көрермендерге қызық болады деп ойлаймын, өйткені бұл — қазіргі заманда заманауи режиссер түсірген тарихи қазақ картинасы. Әр көрермен жүрегіне жақын әрі қызық дүние табады", — деп сенім білдірді актриса.


Асқар Ұзабаевтың "Батырлар жолы" сериалы Қазақ хандығы үшін қиын кезеңдердің бірі XVII ғасырдағы жаугершілік оқиғалар жайында сыр шертеді. Елді қорғау үшін Қарасай батыр достары Ағынтай және Таймаспен күш біріктіреді.

Сериалдың қашан шығатыны әлі белгісіз.

 

Соңғы жаңалықтар