"Самғау" холдингі "Хабар" агенттігінің өзіне тиесілі акцияларының 49% мәдениет және ақпарат министрлігіне береді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Самғау" холдингі "Хабар" агенттігінің өзіне тиесілі акцияларының 49% мәдениет және ақпарат министрлігіне береді

"Самғау" холдингі "Хабар" агенттігінің өзіне тиесілі акцияларының 49% мәдениет және ақпарат министрлігіне береді

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ "Хабар" агенттігінің өзіне тиесілі акцияларының 49%-ын мәдениет және ақпарат министрлігіне береді. Бұл туралы бүгін министрлікте өткен алқа мәжілісінде еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Маусым 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Біз «Хабар» акцияларының қоржынын 100% өзімізге, министрлікке қайтарып алуымыз керек», — деді М. Құл-Мұхаммед.

Ол қазір «Хабардың» эфирлік телебағдарламаларды, ұлттық спутниктік Caspionet телебағдарламалары мен «Радио Хабар» радиобағдарламаларын меншіктенетін «Хабар» агенттігінің акцияларының 51% министрлікке, 49% — «Самғау» мемлекеттік холтингіне тиесілі екенін атап өтті. «»Хабардың» активтерін мейлінше тиімді, оперативті әрі кәсіби басқару үшін акциялар қоржынының қалған 49% біздің министрлікке қайтарылуға тиіс деп ойлаймын», -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті