Жарияланды: 310

«Самұрыққа» бөлінген 345 млн теңге «сыйақы» кімдерге тиесілі?

«Самұрыққа» бөлінген 345 млн теңге «сыйақы» кімдерге тиесілі?

«Самұрық Қазынаның» топ-менеджерлері сыйақыға қарық болған. Қазақстанның қор биржасы ұлттық қор басшыларына 345 миллионнан астам теңге ақшалай сыйлық бөлінгенін хабарлады.

Ал, «Самұрық Қазына» басқармасына алты адам мүше. Олар: төраға Өмірзақ Шөкеев, оның орынбасарлары Елена Бахмутова, Дәурен Ердебай, қаржы директоры Нұрлан Рахметов және Талғат Сәрсенбаев, Берік Бейсенғалиев.  Ақпаратта 345 миллионның осы басқарма басшыларының арасында бөлінгені айтылған. Яғни әрқайсына орта есеппен 57 миллион теңгеден тиеді екен. Естеріңізге салсақ, ұлттық қор былтыр қаржылық қиындықтарға байланысты біраз үнемдеу шарасын қолға алған болатын. Тек бұның басшыларға қатысы болмаған сыңайлы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін