Санитарлық талаптарды сақтамаған қазақстандықтарға 895 миллион теңге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санитарлық талаптарды сақтамаған қазақстандықтарға 895 миллион теңге айыппұл салынды

Санитарлық талаптарды сақтамаған қазақстандықтарға 895 миллион теңге айыппұл салынды

Бұл шілде айынан бастап салынған айыппұл. Алматы, Түркістан және Қостанай облыстарының тұрғындары жиі жазаланған.

  • 11 Қазан 2020
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

5 шілдеден бастап құқық қорғау органдары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған адамдарға 895 миллион теңгеге 16 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырды.

"Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы 1-тармағы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 5 шілдеден бастап 894,8 миллион теңге (екі миллион доллардан астам) сомасына 15 817 хаттама жасалды", — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар, жеке тұлғалар 307,4 миллион теңге айыппұл төледі. Құқық бұзушылықтың саны жағынан көшбасшы өңірлер: Алматы (3837 хаттама), Түркістан облысы (2974 хаттама) және Қостанай облысы (1323 хаттама).


Бұған дейін өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 94 науқас тіркелгені хабарланған болатын. Өңірлік көшбасшылар – Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Бес адам қайтыс болды. Республикада ауырғандардың жалпы саны 108 757 адамға жетті.

Соңғы жаңалықтар