Саранда белгісіз біреулер танкіге Z белгісін жазып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саранда белгісіз біреулер танкіге Z белгісін жазып кеткен

Саранда белгісіз біреулер танкіге Z белгісін жазып кеткен

Саран қаласында белгісіз біреулер танкіге Z белгісін жазып кеткен. Қазір полицейлер оларды іздестіріп жатыр.

  • 29 Шiлде 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Резонанс тудырған жазу жергілікті тұрғындар назарына іліккен. Олар танктің суретін әлеуметтік желіде жариялады. Брондалған техника 1А ықшамауданындағы Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш маңында тұр. Тұрғындар тәртіпбұзушыны тауып, жазалауды талап етті.

Бұған қала әкімдігі де назар аударды. Қазір жазу өшіріліп, қара бояумен боялған. Тәртіп сақшылары құқықбұзушыны іздестіріп жатыр.


"Факті тіркелді. Қазіргі уақытта Саран қаласының полиция бөлімі тәртіпбұзушыны анықтау шараларын жүргізіп жатыр, кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылады", — деді Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Соңғы жаңалықтар