Сарбаздар Наурызға арнап ерекше бейнеролик түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарбаздар Наурызға арнап ерекше бейнеролик түсірді

Сарбаздар Наурызға арнап ерекше бейнеролик түсірді

Наурызға ерекше тарту жасап таңқалдырды! Еліміздің барлық   әскери бөлімдерінде сарбаздар Ұлыстың ұлы күнін тойлауға кірісті. Бір сәтке танктен түсіп, қаруларын тастаған жауынгерлер асыл тұқымды атқа отырды. Қорғаныс министрлігі қатаң тәртіпке үйренген сарбаздарға мереке қарсаңында тосын сый жасап, әз-Наурызды ұлықтайтын ролик түсірді.

  • 20 Наурыз 2015
  • 237
Фото - Caravan.kz

Бейнебаянда бөлімнен шыққан жауынгерлер бір сәтке актер болып шыға  келді. Сөйтіп Наурызды тойлағалы жатқан жұртпен бірге киіз үй тігіп, мәз-мейрам болады. Тіпті, офицерлер қыз қуу, теңге алу, арқан тарту сияқты ұлттық ойындардың көрігін қыздырып жүр. Әжелеріміз енді тәй-тәй басқан сәбидің тұсауын кесіп, ұлы күннің басты тағамын әзірлейді. Наурыз мерекесі қарсаңында осындай тамаша роликті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерилері түсіріпті. Ал Ұлыстың ұлы күні еліміздің барлық әскери бөлімінде киізүй тұрғызылып кең көлемде аталып өтілмек.