"Сары қазақтар қаптап кетеді". Қазақстан азаматтығын беруді белгісіз мерзімге шұғыл тоқтату керек деген ұсыныс айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сары қазақтар қаптап кетеді". Қазақстан азаматтығын беруді  белгісіз мерзімге шұғыл тоқтату керек деген ұсыныс айтылды

"Сары қазақтар қаптап кетеді". Қазақстан азаматтығын беруді белгісіз мерзімге шұғыл тоқтату керек деген ұсыныс айтылды

Әлем елдері санкция салған Ресейден Қазақстанға келгесі келетіндер санының артқаны жайлы мәліметтердің тарай бастағаны белгілі. Бұл жағдай біраз қазақты алаңдатып тастады. Желіде дәл қазіргі сәтте ешкімге азаматтық бермеу керек деген ұсыныс айтушылар көбейді.

  • 2 Наурыз 2022
  • 672
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Мысалы, фейсбукте Қажымұқан Ғабдолла азаматтық алғысы келген ресейлік орыстарға қатысты бірқатар ұсыныстар айтыпты.

«Мешкей деген — жақсы ат емес», орыстар өз елінен бытырап, жан-жаққа қаша бастады. Кезінде қазақтың жерінде Жұмақтағыдай бейбіт өмір сүріп жатып, кенет, путиншілдер «Орыс әлемі» деп, даурығып-далбасалап шыға келгенде — кеше ғана бір дастарханнан нан жеп отырған қазаққа — одырая қарап, осқырына Ресейге қашқандар — қазір қайта хабарласып, мүләйімсіп, таныс қазақтарын араға салып, Қазақстан азаматтығын алуға жаппай тырмысып жатқан көрінеді…

1. Шұғыл Қазақстан азаматтығын беруді түгел және тұтастай белгісіз мерзімге тоқтату керек.

2. Қазақстан азаматтығын беру мәселесі жөніндегі заңнаманы күшейтіп, заңсыз араға түскендерді «Мемлекетке сатқындық жасады» деген баппен соттау керек.


Әйтпесе, «қазақ» болып жазылып алған басқа азиялық ұлттар секілді — қазақ жерінде сары «қазақтар» қаптап кетеді.

Бұл дегеніңіз — кез келген мемлекеттің іргетасын мүжитін «Бесінші бағана» деген сөз, деп жазды автор. 

Еске салмсақ, бүгін Украин-Ресей соғысының басталғанына 7 күн болды. Мәліметтер бойынша соңғы күндері бейбіт тұрғындар көптеп қырылуда. Себебі Ресей  зымырандармен бомбалауды күшейткен. Ұлыбритания кеше Ресейді қолдаған Қазақстанға да санкция салу керек деген ұсыныс айтып қалды. 

Көпшілік әлем теріс айналған Ресей тұрғындарына енді азаматтық берсек өз жағдайымызды ушықтырап аламыз деп алаңдаулы. 

Соңғы жаңалықтар