Жарияланды: 470

Сарышаған сынақ алаңында ТМД Әуеден қорғаныс күштерінің "Жауынгерлік ынтымақтастық-2003" оқу-жаттығуларының кезекті сатысы басталды

Бүгін, 15-тамызда Қарағанды облысындағы Сарышаған сынақ алаңында ТМД Әуеден қорғаныс күштерінің "Жауынгерлік ынтымақтастық-2003" оқу-жаттығуларының кезекті сатысы басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен бүгін, 15-тамызда хабарлады.

Оқу-жаттығулары "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әуеден қорғаныс күштері жауынгерлік топтарының шектеулі аумақтағы әскери шиеленістерде лаңкестікке қарсы шаралар аясында жауынгерлік қимылдарды өткізуі және оған әзірлік жұмыстары" деген тақырыпқа арналады. Оқу-жаттығуларының мақсаты- ҚР Қарулы күштері Әуеден қорғаныс күштерінің экипаждары мен жауынгерлік топтарын ТМД әуе шекарасын қорғауға машық деңгейін жетілдіру, ТМД Әуеден қорғаныс күштері күш-құралдардың бірлескен жауынгерлік күзет кезіндегі өзара ықпалдастық амалдарын пысықтауға саяды. Оқу-жаттығулары Ресейдің Ашулық және Қазақстанның Сарышаған сынақ алаңдарында өтуде. Оқу-жаттығуларына ҚР әуеден қорғаныс күштерінің авиациясы, зенитті-зымырандық бөлімшелердің С-200, С-75,С-175 тәрізді зымырандық кешендері қатыстырылуда. Оқу-жаттығуларының бір ерекшелігі, оған қатыстырылған зенитті кешендер жаттығу аяқталғаннан кейін Каспий өңіріне тұрақты күзетке жолданады. Сондай-ақ, жаттығуларға МИГ-29 және МИГ-31 ұшақтарының тізгініне отырған жас қырандар қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть