Саудия қажылық кезінде қанша адамның қаза тапқанын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саудия қажылық кезінде қанша адамның қаза тапқанын жариялады

Саудия қажылық кезінде қанша адамның қаза тапқанын жариялады

Саудия билігі қажылық маусымының аяқталуына байланысты биылғы қажылықтың қорытындысын шығарды.

  • 5 Қыркүйек 2017
  • 246
Фото - Caravan.kz

Биыл әлемнің әр түкпірінен 2 млн-нан аса адам қажылығын өтеген. Қажылыған өтеу кезінде ұзын саны 39 адам бақилық болған. Олардың бәрі жылда қайталанатын бұрынғыдай адам көптігінен жаншылып өлген жоқ. Неше жылға созылған қажылық өтелетін қасиетті орындарға жасалған күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жаншылып өлу дерегі болған жоқ. Бұған қоса, қажыларға барлық жағдай жасалуда. Яғни, жылдан жылға қажылық кезінде көз жұматындар қарасы азайып келеді.

Биылғы қажылықта қаза тапқандар арасында Алжирден, Мысырдан келгендердің қарасы көп — 8 адам. Олардың бәрі қартайған адамдар және созылмалы аурудың асқынуынан мен меңдеген дерттен көз жұмған.