Желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетті. Әзірге дүлей дауылдан 2 тұрғын үйдің темір жабындары жұлынып, 2 автокөлікке зақым келгені мәлім. Табиғаттың тосын мінезіне электр бағаналары да шыдас бермей, бірнеше үй жарықсыз қалды. Қазір апаттан келген шығын көлемі нақтылануда.
Қымбат Көпбаев, Семей қалалық ТЖМ азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері:
— Қазіргі уақытта кейбір тұрғын үйлер жарықсыз отыр. Зардап шекендер қазір анықталу үстінде.