Семей өңірінің тұрғыны сиырын құтқарам деп химиялық күйікке шалынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей өңірінің тұрғыны сиырын құтқарам деп химиялық күйікке шалынды

Семей өңірінің тұрғыны сиырын құтқарам деп химиялық күйікке шалынды

Семей. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Семей өңірінің тұрғыны сиырын құтқарам деп жүріп химиялық күйікке шалынды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне жедел медициналық жәрдем станциясынан хабарлады.

  • 5 Маусым 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға кеше Мұқыр ауылында болған. «Бұл елді мекенде тазалау қондырғылары бар. Жергілікті тұрғын осы ғимаратқа кіріп бара жатқан сиырын көріп, тұра ұмтылған. Соның салдарынан 70 жастағы қария химиялық күйікке шалынған», — деп түсіндірді дәрігерлер.

«Зардап шегуші орташа ауыр жағдайда жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Ал сиыр зардап шеккен жоқ», — деп толықтырды жедел жәрдем станциясындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті