Жарияланды: 700

Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардабы туралы деректі фильм түсіріп жатқан Италияның "Рай" телекомпаниясының түсіруші тобы Семейде болып қайтты

Италияның "Рай" телекомпаниясы Семейдегі ядролық сынақтардың залал-зардабы жайында деректі фильм түсіріп жатыр. Журналист Паоло Джузеппе Бруно бастаған түсіруші топ демалыс күндері Семейдің онкологиялық диспансерінде болып қайтты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық халықаоралық ынтымақтастық және сыртқы байланыстар жөніндегі комитетінен хабарлады.

Итальяндық телевизиялық делегацияның Семейге келудегі мақсаты ядролық жарылыстардың залалын тартқан өңірдің қазіргі жағдайын көзбен көру. Телекомпания өкілдері деректі фильмді қаладағы онкологиялық диспансерде түсірді. Олар диспансердің барлық бөлімдерінде болып, сырқаттармен сұхбаттасты, медициналық жабдықтардың жұмысын көрді. "Семейде әр жыл сайын қатерлі ісік қырыққа жуық адамнан анықталады. Рак ауруымен аурушаңдық көрсеткішімен Семей өңірі Қазақстан бойынша бірінші орында тұр". Фильм авторларымен болған әңгіме барысында онкодиспансердің дәрігер-хирургі Даниял Мусинов осылай деді. Итальяндықтардың айтуына қарағанда, фильмге арқау болған тақырыптардың бірі - полигон қасіреті әлемдік қауымдастықтың назарын аударып қана қоймай, Семей өңіріне тиісінше көмек көрсетілуге ықпал етпек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін