Семей тұрғындары наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей тұрғындары наразылық білдірді

Семей тұрғындары наразылық білдірді

Семейліктер шенеуніктерден көше жарығын қосуды талап етіп, наразылық білдірді. Жарықтандыру қызметі жекенің қолына өткелі, далада шам жанғанын көрмедік дейді жұрт. Күн батса қара түнекке айналатын ауданда қылмыс та көбейген. Ал атқамінерлер мекемені қайтадан өз қарамақтарына алған соң жағдай түзеледі деп уәде беріп отыр.

  • 27 Қаңтар 2016
  • 225
Фото - Caravan.kz

 -Дальный ықшамауданының тұрғындары үшін көше жарығы арманға айналған. Мұнда шеттегі көшелерді қойып, орталығының да жарығы жанбағанына 4 жылдың жүзі болыпты. Енді, қараңғы қапаста қалған қараша халық мектептен кеш қайтатын балаларының тағдырына алаңдаулы.

Себебі қараңғы көшелерде кісі тонау, өрт қою сияқты қылмыстар өршіп кеткен. Жүректері шайлыққан тұрғындардың тоздырмаған табалдырығы қалмапты. Тіпті, жарықтандырумен айналысатын компания басшылығымен де тілдесіп көрген. Бірақ барлығы ауыздарын қу шөппен сүртіп отыр.

 Ерлан Қасымов, Семей қаласының тұрғыны:  

-Бізге күнде жарықтың керегі жоқ. Тек, кешкілік мезетте, яғни балалар сабақтан қайтатын кезде берсе болды. Бас-аяғы бір немесе бір жарым сағат. Содан кейін сағат 7 де беріп 7-30 да өшірсе жетіп жатыр. 

Жұрт енді кімнен көмек сұрайтынын білмейді. Ал қаланың коммуналдық қызметі бүтіндей бір ықшамауданды жарықтандыруды қолға алған компаниямен соттасып та үлгерген. 

Жанна Шаймұратова Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық  шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:  

-Ішкі істер басқармасы жеке меншік иесінің келісім-шартта көрсетілген міндеттерін орындамады. Одан кейі, сотқа жүгіндік. Шешім біздің пайдамызға шықты. Электр желілерін қалпына келтіру де міндеттелді.

 Шенеуніктер сотта жеңіп шықса да, өзі би, өзі қожа басшыға дәрмендері жетпейтін сыңайлы. Кезінде өзінікін өзгенің қолына берген олар енді қайтадан қарамағына алмақ ниетте. Ол үшін сатып алу жолын іздестіріп жатыр. Сондықтан тұрғындарға күтуден басқа амал жоқ.