Семей тұрғыны ерен еңбегі үшін Екатерина медалімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей тұрғыны ерен еңбегі үшін Екатерина медалімен марапатталды

Семей тұрғыны ерен еңбегі үшін Екатерина медалімен марапатталды

Семей. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семей тұрғыны, немістердің облыстық "Возрождение" бірлестігінің төрағасы Анатолий Визе Ресейдің Екатерина медалімен марапатталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 570
Фото - Caravan.kz

А. Визенің ақпараты бойынша, 7 — 8 желтоқсанда Алматыда Қазақстан немістерінің 6 — съезі өтті. Бас қосу мерейтойлық сипатта. Бірінше съезд 1992 жылы, осыдан 15 жыл бұрын болған.

«Біз төрт жылдық жұмысымыздың қорытындысын жасап, үкімет пен елге біздің қоғамның бар екенін ескерткіміз келді «, — деді А. Визе.

Съезге бірнеше елдердің диаспоралары және Германияның мемлекеттік хатшысы Кристоф Бергнер қатысты.

«Съезде маған грамота, естелік сағат және Екатеринаның медалі табыс етілді. Награданың номері 51, яғни Ресей бойынша оны 50 адам алған, ал мен 51-ші адаммын деген сөз. Ал Қазақстанда мұндай медаль 3 адамда ғана бар», — деді немістер бірлестігінің төрағасы.

Оның сөздері бойынша, медаль қоғамдық жұмыстардағы ерен еңбек үшін, халықтар арасындағы достастықты нығайту және халықтың тілі мен мәдениетін сақтағаны үшін беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті