Семейде 2008 жылы транспорттық-логистикалық орталықтың құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 2008 жылы транспорттық-логистикалық орталықтың құрылысы басталады

Семейде 2008 жылы транспорттық-логистикалық орталықтың құрылысы басталады

Семей. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семейде 2008 жылы транспорттық-логистикалық орталықтың құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін Семейдің ардагерлерімен кездесу барысында қала әкімі Мейрамхат Айнабеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 26 Қараша 2007
  • 697
Фото - Caravan.kz

Транспорттық-логистикалық орталық салуға «Холодный ключ» ықшамауданынан 40 гектар жер бөлінген. «Біз қазір бұл ауданда ретсіз үй салуға тыйым салдық. Келесі жылдан бастап бірінші коммуникация жүргіземіз (бұл мақсатқа 500 млн теңге бөлінген), осыдан кейін ғана 50 мың тұрғынға арналған тұрғын үй секторын саламыз»,- деді Мейрамхат Айнабеков.

Ол сондай-ақ, транспорттық-логистикалық орталық аумағында тұрғын үйлерден басқа барлық заманауи талаптарға сай әмбебап базар салынатындығын түсіндіріп өтті.

Транспорттық-логистикалық орталық инвесторлардың қаржысы есебінен салынады. Жобаның алғашқы құны — 50 млн АҚШ доллары. Құрылыс салатын жер мамырда беріле бастайды. Жобаны толықтай 2009 жылы аяқтау жоспарлануда.

М. Айнабековтың айтуынша, «Семейде транспорттық-логистикалық орталық салу Қазақстанның транзиттік әлеуеттілігін барынша пайдалануға, транспорттық инфрақұрылымды, сауда аймақтарын және жалпы республиканың шығыс аймағының бизнесін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік береді».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті