Семейде "Авиатрансгрупп" кәсіпорнында шыққан өрт сөндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде "Авиатрансгрупп" кәсіпорнында шыққан өрт сөндірілді

Семейде "Авиатрансгрупп" кәсіпорнында шыққан өрт сөндірілді

Семей. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде "Авиатрансгрупп" кәсіпорнында шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Семей қалалық өртке қарсы күрес қызметі басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 15 Желтоқсан 2007
  • 344
Фото - Caravan.kz

Басқарма ақпаратына сәйкес, өрт бүгін «Авиатрансгрупп» ЖШС аумағында шыққан. «Креозол сіңірілген шпалдар жанды. Бұл аса жанғыш зат және сондықтан өрт сөндіру шарасы көбік түзгіш ерітіндінің көмегімен жүзеге асырылды», — деп хабарлайды мекеме.

Шпалдарға сіңірілген заттың жанғыштығына байланысты жалынның сол маңға таяу орналасқан ағаш кесу цехына қарай ойысу қаупі болды. «Алайда, өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің арқасында оған жол берілмеді», — дейді қызметтегілер.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртке жоғары күрделілік дәрежесі берілді, жалынды ауыздықтауға 10 адам мен 3 автоцистерна тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті