Семейде екі қыз мұз астына түсіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде екі қыз мұз астына түсіп кетті

Семейде екі қыз мұз астына түсіп кетті

Семейде екі қыз мұз астына құлап кетіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

  • 4 Сәуiр 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 3 сәуірде, сағат 16:33-те Восточный кентінде болған.

Суретке түспек болып Ертіс өзеніне барған 23 және 24 жастағы екі қыз мұз астына құлап кетті.

"Жақын жерде болған ер адам көмекке келіп, 1998 жылы туған қызды құтқарып үлгерді. Алайда қызға көмек қолын созып үлгермеген. Құтқарушылар судан оның денесін алып шықты", — делінген ақпаратта.

ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына мұз үстінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.