— Что в пакете?
— Анаша?
— Что? Анаша? То есть марихуана, хотите сказать?
— Да!
— Для какой цели храните?
— Курю я её!
Пайғамбар жасына келген ақсақал көлемі 1 жарым литр болатын құтыдағы есірткіні небәрі мың теңгеге бағалапты. Оны ешкімнен тығылмай-ақ көшенің қақ ортасында әлдекімнің қолына әкеп тапсырған. Үстінен түскен тәртіп сақшылары одан тағы 7 келі марихуана тәркіледі. Зейнеткер есірткіні Шу алқабынан тасыпты. Өзі Алматы қаласынан болса да, саудасын тек Семейде жүргізген. Бұған дейін бірнеше рет істі болған күдіктінің кісі өлтіріп, тонағаны үшін 20 жылдай абақтыда отырып шыққаны анықталды.