Жарияланды: 230

Семейде күннің салқындай бастағанына қарамастан алма ағаштары гүлдеп тұр

Семейде табиғаттың тылсым құбылысы жұртты таң қалдырды. Мұнда күннің салқындай бастағанына қарамастан алма ағаштары гүлдеп тұр.

Мәдина Күзбасова ауладағы жалғыз түп жеміс ағашының өнімін бір рет жинап та алған екен. Алайда, ол екінші мәрте гүлдепті. Көршілерінің де бақшасында бүр жарған жасыл желек бар. Халық бұған қарап, алдағы қыс қарлы әрі суық  болады деп болжап отыр. Ал мамандар мұның сырын күннің бір жылып, бір суығанымен байланыстыруда. Күздің басында жаңбыр көп жауса, осындай құбылыстар байқалады екен. Бірақ көп жағдайда, гүл жарған ағаштар өнім беріп үлгермейді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін