Семейде «Лада» жүргізушісі 46 жастағы әйелді қағып өлтірді
![]() |
Семей қаласында Қабанбай батыр көшесінде жеңіл көлік реттелмейтін жаяу жүргіншілердің өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. |
Қатты жараланған әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлады yk-news.kz.
46 жастағы жапа шегуші ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бес сағаттан кейін ол жан тапсырды. ВАЗ-21099 көлігінің 39 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді ол бес жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін, делінген ШҚО ІІД хабарламасында.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін