Семейде мазаны алатын таксишілерге айыппұл салынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде мазаны алатын таксишілерге айыппұл салынуда

Семейде мазаны алатын таксишілерге айыппұл салынуда

Семейде жұрттың мазасын алатын таксистерге шетінен айыппұл салынып жатыр. Тәртіп сақшылары алдымен теміржол бекеті маңын торуылдап, жолаушы көрсе көлігіне мінгізгенше табандап тұрып алатын жүргізушілерді жауапқа тартты.

  • 20 Наурыз 2015
  • 253
Фото - Caravan.kz

Пойыздан жаңа түскен жолаушыларға таласатын таксистер енді басқа табыс көзін іздеулері тиіс. Өйткені бір күнде ғана мұнда адамдарды мазалаған 7 жүргізушіге айыппұл салынды. Сондай-ақ, перронда қайыр тілеп жүргендер де жазалануда. Алайда, оларды абақтыға қамаса да, бұрынғы «жұмыс орнына» қайтып келеді екен. Ал бір рет жазаланған таксист, бұрынғы әдетіне қайта басса темір торға тоғытылуы мүмкін. Бірақ бұған нәпақасын адам тасумен тауып жүрген көлік иелерінің де айтар өз уәждері бар.

Қайырғали Сағатбеков, такси жүргізушісі:

-Сұрамаған балаға тамақ та жоқ, сол сияқты. Сосын айтасың, мен таксимін керек пе деп. Отбасыны асырау үшін жүрміз ғой. Жұмыс жоқ.