Семейде орман өрті сөндірілді: 250 гектар алқап жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде орман өрті сөндірілді: 250 гектар алқап жанып кетті

Семейде орман өрті сөндірілді: 250 гектар алқап жанып кетті

1 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Семей маңында басталған ірі орман өрті оқшауланды.

  • 2 Маусым 2022
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство атап өткендей, "Семей орманы" аумағында шыққан өрт сағат 11:00-де оқшауланды.

"Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, әскери бөлімінің орманшылары мен күштері жұмылдырылды. Барлығы жеке құрамнан 399 адам және 85 бірлік техника", – делінген ведомство хабарламасында.

Департамент мәліметінше, өртті сөндіруде қатты жел қиындық келтірген.

"Болжам бойынша өртке найғазай себеп болған. Орман өрті шамамен 200-250 га аумақты қамтыды. Жапа шеккендер жоқ", – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ департамент қызметкерлері табиғи өрттің туындау қаупін төмендету мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.


"Орман және дала алқаптарынан елді мекендерге өрттің өтуіне жол бермеу үшін жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумақтарын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізілуі тиіс. Табиғи өрт туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке "101", "112" телефондары бойынша хабарлау қажет", – деді ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар