Семейде қала тұрғындарын алдап ақша және мүліктеріне ие болған 25 жастағы әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде қала тұрғындарын алдап ақша және мүліктеріне ие болған 25 жастағы әйел ұсталды

Семейде қала тұрғындарын алдап ақша және мүліктеріне ие болған 25 жастағы әйел ұсталды

Семейде қала тұрғындарын алдап ақша және мүліктеріне ие болған 25 жастағы әйел адам ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей аймағы бойынша қаржы полициясының тергеушісі Мұрат Озбаев хабарлады.

  • 19 Наурыз 2004
  • 406
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, күдікті 2003 жылдың тамызынан желтоқсан айы аралығында жергілікті газеттерге «тоңазытқыш жөндеймін» деген хабарландыру таратып, хабарласқан адамдардың сеніміне кірген. Тоңазытқыш жөндеуге уәде еткен әйел тұрғындардың үйлеріне барып, ақша немесе тоңазытқыш, басқа да заттарын алдап алып кетіп отырған. Қазіргі күнге дейін қаржы полициясына алаяқтың арбауына түскен 19 қала тұрғыны шағымданды. Қаржы полициясының тергеушісі М.Озбаев алданып қалғандардың бұдан да көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Белгілі болғандай, алданып қалғандардың 90%-і зейнет жасындағы қарт адамдар . Оларға келген шығын 234 мың 500 теңгені құрайды. Осы іс бойынша ҚР Қылмыстық істер Кодексінің 177 бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар