Семейде «Қара жорға» билейтін робот құрастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде «Қара жорға» билейтін робот құрастырылды

Семейде «Қара жорға» билейтін робот құрастырылды

Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әділ Ордаев пен ұстазы Бақытбек Нұрлыбекұлы арнайы бағдарлама түзіп, роботтарды буын биіне икемдеген, деп хабарлайды 24.kz. «Осылайша қазақтың ұлттық өнерін ұлықтағымыз келді», — дейді авторлар.

  • 22 Ақпан 2017
  • 329
Фото - Caravan.kz


Жобаны жасауға бірнеше ай уақыт кеткен. Бағдарламасы тез жасалғанмен, 18 бөлшектен құралған моторды ұлттық биге көндіру оңай болмапты.

«Роботты тек қана билеткізбей, оған жан беру керек деп ойлаймын. Сондықтан біз роботтарды билеткізу кезінде, әрбір қозғалысты сақтау кезінде өзіміздің жүрегіміздің кішкене бөлігін бердік деп санаймыз. Болашақта олар тек «Қара жорға» ғана емес, «Қамажай» билерін де билейді деген ойдамын», дейді Әділ Ордаев.

Соңғы жаңалықтар