Семейде қарт әжей мен немерелері өрттен құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде қарт әжей мен немерелері өрттен құтқарылды

Семейде қарт әжей мен немерелері өрттен құтқарылды

Көк түтіннің будақтап жатқанын көріп, көршілері өрт сөндіру қызметіне хабар берген.

  • 5 Ақпан 2018
  • 144
Фото - Caravan.kz

Семейде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, зардап шеккендер құтқарылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Көк түтіннің будақтап жатқанын көріп, көршілері өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Өйткені пәтер сыртынан құлыптаулы екен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2-қабаттағы балкон арқылы 86 жастағы әжей мен 4 және 5 жастағы немерелерін сатының көмегімен сыртқа шығарды. Иіс тиген оларды жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Кейін анықталғандай, әжейдің келіні есікті сыртынан жауып, жұмысқа кеткен. Алғашында балкондағы қызыл жалынмен өзі жалғыз күрескен кейуананың шамасы жетпеген. Алдын ала болжам бойынша, балконға жоғары қабаттардан темекі тұқылы түскен.

Бұл туралы Семей қалалық ТЖБ хабарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар