Бұл көше адам көп шоғырланатын орын саналады. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Тек жиекте тұрған көліктерге айтарлықтай зақым келді. Үш жеңіл машина мен жас жұбайларды таситын лимузин күрделі жөндеуді қажет етеді. Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталуда. Лексусты тізгіндеген жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Осыдан бірнеше күн бұрын дәл осындай көлік автобусқа соғылған болатын. Ол кезде жүргізушінің жүрегі ұстап қалған еді. Бұл жолы да көлікті басқарған азаматтың денсаулығы сыр берді деген болжам бар.
Светлана Слепухина, куәгер:
-Сатушы қыздар бірден көлікке қарай жүгіріп, жүргізушіні шығарып, астына көрпе төседік. Ақыл-есін білмеген күйі құлады. Жүрек талмасы болды ғой деймін. Себебі көздері қып-қызыл боп қанталап тұрды.