Семейде жастар көліктерін тумен безендіріп шеруге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жастар көліктерін тумен безендіріп шеруге шықты

Семейде жастар көліктерін тумен безендіріп шеруге шықты

Семейде Президент күніне орай автошеру ұйымдастырылды. Жастар қазақстандықтарды мерекемен осылайша құттықтауға бел байлаған екен.

  • 2 Желтоқсан 2014
  • 277
Фото - Caravan.kz

Шараға қатысу үшін 30-дан астам көлік сайланған. Кейбірі темір тұлпарын мемлекеттік тумен безендіріпті. Шеруді өткізу үшін бірнеше көшеде қозағлысты бөгеуге тура келді. Көк туды желбіреткен жастар Ертістің сол жағалауынан орталық алаңға дейін еш кедергісіз жүріп өтті. Саршұнақ аязға қарамастан, шеруге ат салысқан жастар көп. Автошеруден бөлек олар қолдарына құттықтау жазылған транспорант ұстап, жұртты құттықтады.


Қайсар Еркінбаев, Семей қалалық жастар орталығының директоры:

-Президент күні өтіп жатқанын қала жұртына, қала қонақтарына айту. Іс-шараны креативті форматта өткізіп отырмыз. Бізде дөңгелек үстелдер, конференциялар да өтеді. Бірақ осылай жастарға насихаттау басты мақсат болып табылады.