Жедел жәрдем көшеде жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылған. Салдарынан 4 адам зардап шекті. Ішінде жүргізуші мен дәрігерлерден бөлек, аяғы ауыр науқас та болған. Екіқабат әйелдің жол апатынан алған жарақаты ауыр болып, ауруханаға басқа көлікпен жеткізілді. Қалғандары жеңіл жараланып, үйлеріне жіберілген.