Семейдегі ЖЭО-1-де өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі ЖЭО-1-де өрт шықты

Семейдегі ЖЭО-1-де өрт шықты

15 желтоқсанға қараған түні Семейдегі ЖЭО-1-де өрт шықты.

  • 15 Желтоқсан 2022
  • 10
Фото - Caravan.kz

Күтпеген жағдай кейбір жүйелердің істен шығуына әкелді. Бұл туралы "Жылукоммунэнерго" МКК хабарлады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"15 желтоқсанда сағат 00:30-да ЖЭО-1-де отынмен қамтамасыз ету жүйесінің бірінші конвейерінде өрт шығып, отынмен қамтамасыз ету, мазут нысандарының қуат бергіштерінің істен шығуына әкеп соқты. Бұл жағдай салқындатқыш параметрлерінің төмендеуіне де әкелді", — деді "Жылукоммунэнерго" МКК өкілдері.

Мамандардың айтуынша, салқындату параметрлерінің төмендеуі қазандықтардағы жүктеменің төмендеуіне байланысты болған. Өрт салдарын жылумен жабдықтау ұйымы және "ОЭСК" АҚ бригадасы жойып жатыр.


Соңғы жаңалықтар