Семейдің әкімі қалалық су құбыры мекемесінің бұрынғы директоры өз міндетін атқара алмауға байланысты жаңа басшы тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің әкімі қалалық су құбыры мекемесінің бұрынғы директоры  өз міндетін атқара алмауға байланысты жаңа басшы тағайындады

Семейдің әкімі қалалық су құбыры мекемесінің бұрынғы директоры өз міндетін атқара алмауға байланысты жаңа басшы тағайындады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20 - тамыз. СЕМЕЙ. Семейдің әкімі "Семейсуқұбыры" қалалық коммуналдық кәсіпорынының жаңа басшысын тағайындады, себебі мекеменің бұрынғы директоры өз міндетін атқара алмаған. Бұл туралы бүгін аппараттық кеңес барысында Семейдің әкімі Мейрамхат Айнабеков мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Тамыз 2007
  • 699
Фото - Caravan.kz



Әкімнің шешімімен «Семейсуқұбыры» қалалық коммуналдық кәсіпорынының басшысы болып бұрын осы салада қызмет еткен Жанарбек Әмірханов тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, «Семейсуқұбыры» қалалық коммуналдық кәсіпорынының бұрынғы директорының лауазымына сай еместігі туралы мәселе осы жылдың шілдесінде қойылған болатын. Мұндай қатаң шараға сумен қамтамасыз етудегі кезекті түйткілдер дерегі себеп болған. «»Семейсуқұбыры» мекемесінің көптен бергі қарыздары үшін «Шығысэнерготрейд» бірнеше насосты станцияларды үзіп тастаған, осының салдарынан 20-дан астам көп қабатты үйлер екі аптаға жуық сусыз қалған.

Бұл проблема тек облыс әкімінің араласуымен ғана өз шешімін тапқан болатын.