Семейдің жол жөндеушілері интернеттің жұлдызына айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің жол жөндеушілері интернеттің жұлдызына айналды

Семейдің жол жөндеушілері интернеттің жұлдызына айналды

Семейдің жол жөндеушілері ғаламтор жұлдыздарына айналды. Еріген қар суынан көлкіген көшелерге асфальт салып жүрген олардың әрекетін тұрғындардың бірі ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберген.

  • 27 Наурыз 2015
  • 208
Фото - Caravan.kz

Демалыс күндері шаһарда қар аралас жаңбыр жауып, көшелерді су басқан-тын. Суды сорғызуды қойып, жолдарды жөндеуге кіріскендердің қылығы семейліктерді таң қалдырды. Себебі, шұңқырларды жамауға жең түре  кіріскен жұмысшылар дәл шалшықтардың үстінен асфальт жауып жатыр. Көлік иелері бұны көзбояушылыққа теңеп отыр. Ал коммуналдық сала басшылары бұл жағдайды түсіндіруге уақыт таппады.

Ақылбек Өмірзақов, көлік жүргізушісі:

— Бұл уақытша дүние ғой. Бір-екі айдан кейін жамалған жерлерін тағы жөндеу керек болады. Сондықтан мынау ақшаны желге шашқанмен бірдей.