"Бала жамбас сүйегінің ашық сынуы және тағы да көптеген жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сол уақытта оның жағдайы тым ауыр болды", — деп түсіндірді ауруханадағылар.
Куәгерлер мен көршілер дәрігерлерге баланы бесінші қабаттан өз шешесі лақтырып жібергенін айтқан. Қазіргі уақытта 36 жастағы әйел психикалық аурулар орталығында, ол осында есепте тұрады екен.