Семейліктерді шошытқан жарық қайдан пайда болғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейліктерді шошытқан жарық қайдан пайда болғаны анықталды

Семейліктерді шошытқан жарық қайдан пайда болғаны анықталды

Семейліктерді шошытқан жарық қайдан пайда болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

  • 23 Қараша 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

Мұның алдында қала тұрғындары жарықты видеоға түсірген болатын. Видео 23 қарашада түнгі сағат үштерде түсірілген.

Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі операторының баспасөз қызметіндегілер KEGOC АҚ "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы" АҚ-на тиесілі желіде қысқа тұйықталу болғанын айтты.

"Бұл ретте пайда болған кернеу KEGOC Шығыс ААЭЖ АҚ филиалының № 18 қосалқы станциясында кабельдің соңғы жалғастырғышының 35 киловатт тұйықталуына алып келді. Нәтижесінде қысқа тұйықталу сәтінен бастап кабель өшірілгенге дейін 10-20 секунд ішінде жарқыл пайда болды. Зардап шеккендер жоқ, тұтынушыларда электр қуаты өшкен жоқ. Қосалқы станция штаттық режимде жұмыс істейді", — деп хабарлады компаниядағылар.

 

Соңғы жаңалықтар