Семіздікті жеңудің әдісі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семіздікті жеңудің әдісі табылды

Семіздікті жеңудің әдісі табылды

Джон Хопкинс университетінің (АҚШ) зерттеушілері газдалған және басқа да құрамында қанты бар сусындарға семіздік қатері туралы ескертетін арнайы белгі қоюды ұсынды, деп хабарлайды

  • 18 Желтоқсан 2017
  • 196
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "РИА Новости" ақпаратына сүйеніп, Sputnik-Қазақстан хабарлады.

Ғалымдар әсіресе балалар арасында семіздік індетінің таралуын нақ осы өнімдермен байланыстырып отыр. Мамандар бұл сусындар "бос калория" көзі екенін, адам организимі үшін қоректілік құндылығы жоқ екенін атап өтті. 

АҚШ денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық статистика орталығының 1988-1994 және 1999-2004 жылдарға арналған мәліметтеріне сүйенсек, 6-11 жас аралығындағы балаларда газдалған сусындардан алған калорияның тәуліктік көлемі 20%-ға өскен.

Ғалымдар нақты статистикалық мәліметтер негізінде "Семіздіктің алдын алу үшін виртуалды популяциялар" атауымен қалалық өмірдің компьютерлік моделін жасап, зерттеу жүргізді. Онда қала тұрғындары күнделікті тірлігімен айналысады, тамақ, сусындар сатып алады. 

Симуляция Балтимор, Сан-Франциско және Филадельфия қалаларының азық-түлік дүкендерінде сусын сыртында ескерту таңбасының болуы (мәселен, қанттың зияны туралы) семіздіктің таралу деңгейін төмендететінін көрсетті. Зерттеушілердің пікірінше, өнім сыртындағы мұндай белгілер клиенттің құрамында қанты бар сусынды сатып алу ықтималдығын 4 пайызға азайтады.


Соңғы жаңалықтар