Сенат Қазақстанға орман сақтау жобасына арнап грант бөлу туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат Қазақстанға орман сақтау жобасына арнап грант бөлу туралы келісімді бекітті

Сенат Қазақстанға орман сақтау жобасына арнап грант бөлу туралы келісімді бекітті

Бүгін, 18-наурызда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі арасындағы "Ормандарды сақтау және республика аумағындағы орманды алқаптарды көбейту" жобасын дайындауға грант бөлу туралы келісімді бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Наурыз 2004
  • 359
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, Халықаралық Қайта Құру және даму банкі Жапония үкіметі арқылы Қазақстанға ормандарды сақтау және республика аумағындағы орманды алқаптарды арттыруға бағытталған жоба дайындауға 410,6 мың доллар көлемінде грант бөлмекші. Сондай-ақ, 2004-жылға арналған республикалық бюджетте аталмыш жобаны қаржыландыру ауыртпалығын бөлісу үшін қосалқы құн салығы төлеміне арнап 9,458 млн. теңге қарастырылған. 20 жылға есептелген жобаның жалпы құны 35-40 млн. долларға бағаланып отыр.

Келісімді бекіту туралы заң мелмекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар