Сенат ҚР Әкімшілік кодексіне дәрілік заттардың айналымына қатысты енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат ҚР Әкімшілік кодексіне дәрілік заттардың айналымына қатысты енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат ҚР Әкімшілік кодексіне дәрілік заттардың айналымына қатысты енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін, 25-наурызда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары ҚР Әкімшілік заң бұзушылық жөніндегі Кодексіне дәрілік заттардың айналымына қатысты енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Наурыз 2004
  • 410
Фото - Caravan.kz

«Парламент «Емдік дәрі-дәрмектер туралы» заңды қабылдауына байланысты әкімшілік Кодекске түзетулер енгізу қажеттігі туындады»,- деді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген заң жобасының авторы, мәжіліс депутаты Шаймерден Оразалинов. Оның түсніктемесіне жүгінсек, «заң жобасы бойынша әкімшілік кодекске дәрілік заттардың айналымын жүзеге асырушы уәкілетті мекемеге дәрілік заттардың айналымы, оларды сату және сатып алу, тіркеу талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салу құзырын беру туралы түзету енгізіледі». Сондай-ақ, Ш.Оразалиновтың айтуынша, «ҚР Әкімшілік заң бұзушылық жөніндегі Кодексіне дәрілік заттардың айналымын жауаптанатын құзырлы мемлекеттік мекемеге тиісті құқықтар мен құзыреттер беру жөнінде түзетулер енгізіледі».

Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін жұмыс тобына тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар