Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің төрағасы ЕК өкілімен ҚР қаржы нарығының дамуын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің төрағасы ЕК өкілімен ҚР қаржы нарығының дамуын талқылады

Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің төрағасы ЕК өкілімен ҚР қаржы нарығының дамуын талқылады

Астана. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның қаржы нарығын одан әрі дамыту және оның халықаралық қаржы құрылымдарымен қарым -қатынастар мәселесін бүгін сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Мүсірәлі Өтебаев пен экономика және қаржы жөніндегі Еуропалық комиссиясының бас директоры кеңесшісі Максвелл Уотсонмен болған кездесуде талқыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 578
Фото - Caravan.kz

ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастығын күшейту жөнінде мәселесін көтерген М. Өтебаев, «Қазақстанның қаржы секторын дамытуында батыс серіктестерінің қатысуы аса маңызды, бүгінгі жаңа уақыт талабына сай мемлекеттік қорғану саясатын дайындап, нақтылағанда, инфляция «импорты», сондай-ақ, елдің қаржы жүйесінің қаржылық ахуалын жақсартатын тиімді шаралар қолдану керек».

«Бұл салада еуропалық тәжірибені, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және Қазақстанның қаржы ұйымдарын дамытудың мықты катализаторы болып отырған еуропалық стандарттарға сай институционалдық негіздерді зерттеу керек», — деп атап өтті М. Өтебаев.

Максвелл Уотсон өз кезегінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан фискалдық саясатты жақсы бағалап, «мемлекеттік банк жүйесінің беделін қорғау шараларының уақытылы жасалғандығын» айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті