Серік Абас-шахтың қызы АҚШ-та тұрмысқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Серік Абас-шахтың қызы АҚШ-та тұрмысқа шықты

Серік Абас-шахтың қызы АҚШ-та тұрмысқа шықты

Белгілі продюсер, журналист Серік Абас-шахтың қызы АҚШ-та тұрмысқа шықты. Ғашықтар қуанышын мұхиттың ар жағында атап өтті.

  • 20 Желтоқсан 2020
  • 197
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы продюсердің өзі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Продюсердің тұңғышы АҚШ-тың Аризона штатында тұрмысқа шықты. Ата-аналары қазіргі пандемияға байланысты қос ғашықтың қуанышына бара алмаған. Есесіне онлайн бата беріп, ақ тілегін айтты.

"Тұңғышым тұрмысқа шықты. Мұхиттың ар жағында өткен тойға онлайн қатысып, ақ батамызды бердік, ақ тілегімізді айттық. Екі жас бақытты болсын!

Құдай қаласа, (құжат визаланса), бала-шаға мен туған-туысты ертіп, Аризонаның ыстығында екі қолды жайып, нағыз “южандарша” билеп-тойлап, дүрілдетіп қайтамыз ба деп үміттеніп отырмыз, келесі жылы", — деп жазды Серік Абас-шах.

Продюсердің қызы Тоғжан Серікқызы Әділет есімді қазақ жігітіне жары атанды.


Желіде оқырмандары құтты болсын айтып, қуанышқа ортақтасты.

"Құтты болсын. Екі жас бақытты болсын. Ата-ана үміті ақталсын", "Құтты болсын! Бағы ашылсын! Балалары көп болсын!", "Құтты болсын, құдай қаласа келесі жылы бесік тойға дайындалып барыңыздар", деп жазды желідегі оқырмандары.

Соңғы жаңалықтар