Шахизада өзінен 18 жасар кіші сүйіктісі жайлы: “ Ешқандай күйеуім де емес, бірге тұрған да жоқпыз” - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахизада өзінен 18 жасар кіші сүйіктісі жайлы: “ Ешқандай күйеуім де емес, бірге тұрған да жоқпыз”

Шахизада өзінен 18 жасар кіші сүйіктісі жайлы: “ Ешқандай күйеуім де емес, бірге тұрған да жоқпыз”

Көпшілікті өзінен 18 жас кіші сүйіктісімен таныстырған Шахизада жас әнші Ерболат Ержанбаевпен қазіргі ара қатынасы туралы жасырмай айтты.

  • 12 Мамыр 2023
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мен туралы желіде айтылып жатқан ақпараттың бәрі өтірік. Сол туралы айтып қояйын деп жатырмын. Ерболат – жас әнші. Үш жылдан бері сахнаға көп шыға алмай жүрді. Үйінде қайғылы жағдай болып, өнері тоқтап қалды. Жастарға көмектесейін деп, мен Ерболатқа күйеуге шыққан сияқты болдым. Хайп, өсек кетті. Бірақ мен Ерболатқа күйеуге шыққан жоқпын. Ешқандай күйеуім де емес, бірге тұрған да жоқпыз. Мені ұрған дағ соққан да жоқ, ажырасқан да жоқпыз. Оның өзінің отбасы, әдемі әйелі, бала-шағасы бар. Соны сіздерге айтып қояйын. Бәрі өтірік", — дейді Шаһизада.

Бұған дейін танымал әнші көпшілікке сүйіктісін көрсеткен еді. Ал күні кеше Ерболат Ержанбаев ел-жұртты үш баласының анасы, келіншегімен таныстырып, бірге түскен суреттерін жариялады.